Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 30-ға жуық офицердің ата-анасына медаль табысталды

Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес қызметте ерекше көзге түскен, антына адал офицерлердің ата-анасына алғыс жарияланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәйкесінше, 19 әйел “Үздік офицердің анасы” медалімен тағы 5 ер адам “Үздік офицердің әкесі” медалімен марапатталды.

ПД бастығы Думан Таев әр ата-анаға ерекше құрмет көрсетіп, қажет болған жағдайда шаңырағына дейін барып, сый-сияпаттарын өз қолымен табыс етті.

– Полиция қызметкерлерінің жұмысы ауыр екенін білемін. Менің қызым да сол қатарда қиыншылықты көтеріп, қызметте көзге түсіп, өз еңбегімен бізді осы марапатқа бөлеп отыр. Осыған байланысты департамент басшылығына алғысымды білдіремін, – дейді, әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Лесгүл Адырбаеваның әкесі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру