Шымкентте абаттандыру ережесін бұзған 42 тұрғынға әкімшілік шара қолданылды
Шымкентте бір тәулікте абаттандыру ережесін бұзған 42 тұрғынға әкімшілік шара қолданылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкенттік полицейлер "Таза қала" профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейдтік іс-шараларды жүргізіп жатыр.
Еңбекші АПБ-ның ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларымен 27 қазанда "Таза қала" профилактикалық іс-шарасы барысында 42 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.