Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер жыл басынан 1390 қорғау нұсқамасын шығарды

Жамбылдық полицейлер жыл басынан 1390 қорғау нұсқамасын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың тоғыз айында Тараз қаласының Полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің инспекторларынан 40-қа жуық әйел азаматы көмек сұрап жүгінген. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі 125 әйелге жеке қабылдау жүзеге асырылған. Олардың арыз-шағымдары бойынша 350 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1390 қорғау ұйғарымы шығарылды. 125 әйел балалармен дағдарыс орталықтарына орналастырылды, ал кейбіреулеріне үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп көмек көрсетілді.

Инспекторлар әйелдерге өзекті мәселелерін шешуге, жұмысқа орналасуына, құжаттарын қалпына келтіруге көмектеседі.

 – Әйелдер әр түрлі мәселелермен жүгінеді. Біз үйлестіруші орган ретінде үкіметтік емес ұйымдарға жүгініп, оларға көмектесеміз. Көптеген әйелдер күйеулеріне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қалайды. Біз әрбір отбасын барынша сақтауға тырысамыз. Алайда, егер резонанстық жағдайлар орын алса, онда бұл басқа мәселе болып саналады. Негізінен отбасындағы зорлық-зомбылық көрсету деректері мас күйінде орын алады, көп жағдайда зорлық-зомбылықтың себебі – қызғаныш. Отбасындағы ерлі-зайыпты бірдей кінәлі, – деп түсіндірді Жамбыл облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Әлдібеков.

Жамбыл облысының Полиция департаменті елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер үшін 1409, жыныстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін +708 106 08 10 және 150 нөмірі бойынша тегін заң, психологиялық кеңес беру бойынша call-орталық жұмыс істейтінін хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру