Шымкентте әйел дүкен сөресінде тұрған телефонды ұрлап кетті
Шымкентте әйел дүкен сөресінде тұрған телефонды ұрлап кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 27 маусымында Қаратау АПБ-ның "102" нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Онда азық-түлік дүкенінде бейтаныс әйел дүкен сөресінде тұрған құны 70 мың теңге тұратын "Samsung А10" маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, жеткізді. Тергеу амалдары жүргізілуде.