Бөтеннің үйіне кіріп, әмиян ұрлаған қызылордалық қолға түсті
Бөтеннің үйіне кіріп, әмиян ұрлаған қызылордалық қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 маусым күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынынан арыз түсті. Арызда ол белгісіз біреулердің үйінің кіре-беріс есігі ашық тұрғанын пайдаланып, жатын бөлмеде тұрған әмиянынан 250 мың теңгесін ұрлап кеткенінін көрсеткен.
Полиция қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында үйге ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады. Ол көрші ауданның тұрғыны болып шықты. Ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда орын алған оқиғаның мән-жайларын анықталуда.