Шымкентте алаяқ тұрғынды 7 млн теңгеге қарызға батырды
Шымкентте алаяқ тұрғынды жеті миллион теңгеге қарызға батырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 18 мамырда Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ-ның 102 сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам жер телімінде орналасқан үйді өзінің атына рәсімдеп беремін деп, сеніміне кіріп жеті миллион теңге ақшасын иемденіп, осы күнге дейін аталған үйді оның жекелей атына рәсімдеп бермей жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 44 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.