Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте алаяқ тұрғынның 100 мың теңгеге жуық ақшасын иемденіп кетті

Шымкентте алаяқ тұрғынның 100 мың теңгеге жуық ақшасын иемденіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қазанда Еңбекші АПБ-на Шымкент қаласының 32 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында өзіне тиесілі үстелді сатылымға қойып, белгісіз тұлға телефонмен қоңырау шалып, оның сеніміне кіріп, WhatsApp желісі арқылы есепшот нөмірін жазуды сұранғанын жазған. Сондай-ақ 16 санды есепшот нөмірін белгісіз тұлғаға берген кезде картасынан 97 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін көрсеткен.

Еңбекші аудандық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру