Ақтөбе облысында жол апатынан көлік жүргізушісі көз жұмды
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан әйел адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қазан күні сағат 18:30-да «Самара-Шымкент» автожолында Әйтеке би ауданы Белқопа кентінің маңында жол-көлік оқиғасы орын алды.
«Тoyota Prado» маркалы автокөлігінің 47 жастағы әйел жүргізушісі «Самара-Шымкент» автожолының 937 шақырымында Ақтөбе қаласы жағынан Қарабұтақ кенті бағытында Әйтеке би ауданы Белқопа кентінің маңында келе жатып, алдын ала басып озған уақытта қарсы бағыттағы «Газ-53» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан «Тoyota Prado» маркалы автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның 48 жастағы күйеуі, «Газ-53» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Жол қателіктерді кешірмейді.