Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте алаяққа алданған тұрғын 2,6 млн теңгесінен айырылып қалды

Шымкентте алаяққа алданған тұрғын 2,6 млн теңгесінен айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 2 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам салған ақшасын «он пайызға» көбейтіп беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 2 600 000 теңге ақшасын есеп шотына аударып алып, осы күнге дейін кері қайтармай, қашып жүргенін көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру