Шымкентте алаяққа алданған тұрғын 2,6 млн теңгесінен айырылып қалды
Шымкентте алаяққа алданған тұрғын 2,6 млн теңгесінен айырылып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 2 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының "102" сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам салған ақшасын "он пайызға" көбейтіп беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 2 600 000 теңге ақшасын есеп шотына аударып алып, осы күнге дейін кері қайтармай, қашып жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.