Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте анасының мазасын алған ер адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды

Шымкентте анасының мазасын алған ер адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Полиция басқармасының «102» арнасы арқылы жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, ұлы екеуінің арасында отбасылық жанжалдың жиілеп кеткен.

Мән-жайды анықтау үшін көрсетілген мекенжайға Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары Ж.Тасқұлова мен А.Төребай, сол аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы Ұ.Тұрғынов барды.

Қазіргі таңда азаматшаның арызы бойынша ұлына қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Заңнама бойынша қорғау нұсқамасы бір ай мерзімге беріледі. Ол бойынша 30 тәулік ішінде жәбірленушінің қайта мазасын алып, тыныштығын бұзуға тиым салынады.

Осы тұста тәртіп сақшылары жайсыз отбасылар мен түрлі отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан жанұя мүшелерінің зардап шегетінін айтты.

Сондай-ақ оларға қатысты күш көрсету, кемсіту, ұрып-соғу жайттары бойынша заң жүзінде жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру