Шымкентте «Anti-fraud» іс-шарасы барысында интернет-алаяқтықтың 47 жайты тіркелді
Шымкентте «Anti-fraud» іс-шарасы барысында интернет-алаяқтықтың 47 жайты тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 9-15-тамыз аралығында республика аумағында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс шараның мақсаты – интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқықбұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу.
Сондай-ақ зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, интернет-алаяқтықты, порнографияны оның ішінде балалар порнографиясын дайындайтын және тарататын, суицидалды бағыттағы ойындарды, интернет желісіндегі өзге де құқық бұзушылықтарды насихаттайтын адамдарды анықтау болып табылады.
«Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының жеті күндік қорытындысы бойынша 47 жайт анықталды.