Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте әскери қызметшілерге жол қауіпсіздігі туралы айтылды

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде әскери қызметшілермен жол қозғалысы ережелерін сақтау және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыбында профилактикалық кездесу өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге әскери бөлімнің әскери полиция қызметінің офицерлері, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің инспекторы Назерке Төлеген және психикалық денсаулық орталығының нарколог-маманы Бекбол Абсаттаров қатысты.

Кездесу барысында Шымкент қаласында жыл басынан бері тіркелген жол-көлік оқиғалары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ жол ережелерін сақтау – әр азаматтың міндеті екені атап өтілді.


— Жол ережелерін елемеу ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Әр әскери қызметші бөлімнен тыс жерде де тәртіп пен жауапкершілікті сақтау керек, әсіресе көлік басқару кезінде, — деді әскери полиция қызметінің аға офицері Серік Мықтыбаев.

Кездесу соңында әскери қызметшілер мамандарға сұрақ қойып, тиісті жауап алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру