Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте әскерилер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Шымкентте әскерилер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұлан №6698 әскери бөлімінің клубында, әскери полиция бөлімшесі өкілдерінің қолдауымен әскери қызметкерлер арасында есірткі тұтыну мен нашақорлықтың алдын алу, есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдарын түсіндіру бағытында арнайы кездесу өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, Психикалық денсаулық орталығының нарколог маманы қатысты. Жиын барысында қатысушыларға қызметте және сапта құқық бұзушылықтарға жол жоқтығы, әскери қызметкерлерге әрқашанда Отанды қорғау үшін дені сау азаматтардың және сарбаздардың қажет екендігі, зиянды әдеттерге бет бұрмау, есірткі заттарынан аулақ болу қажеттілігі жеткізіліп, олардың зияндығы мен заңда белгіленген жауапкершілік туралы толыққанды мәліметтер берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру