Шымкентте автобус доңғалақтарының қақпақтарын ұрлап кеткен азамат анықталды
Шымкентте автобус доңғалақтарының қақпақтарын ұрлап кеткен азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 4 сәуірінде Қаратау аудандық Полиция басқармасының «102» арнасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу үйінің алдында тұрған «Youtong» маркалы жолаушылар тасымалдайтын автобусының доңғалақтарында тұратын құны 120 мың теңге тұратын төрт дана қақпақтарын (колпак) ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Қаратау аудандық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел іздестіру іс шараларын жүргізу барысында 45 жастағы тұрғыны анықталып, жеткізілді.