Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталғандар жаңа мешітке сыйлық жасады

Шығыс Қазақстан облысында сотталғандар жаңа мешітке сыйлық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО-да қатаң тәртіптегі колонияда сотталғандар жаңа мешітке сыйлық жасады
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында ОВ-156/14 колониясындағы сотталғандар екі ашпалы үш дана есік жасап, Семей қаласының орталық мешітіне сыйға тартты.

– Бүгінде ЖШС “Томирис” бөлме аралық есіктер шығару бойынша өндірістік қызметті жүзеге асыруына биыл екі жыл болды. Бұнда барлығы сот үкімімен мемлекеттік талап-арыздарын төлейтін 20 сотталған жұмыс істейді. Олардың есіктері біздің қалада ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де өте танымал. МДФ негізінде қаңқа-қалқан есіктерін дайындау үшін шамамен үш ай уақыт жұмсалады. Біздің мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша көрсеткіштер өте жоғары, – деді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Роллан Сатынсин.

Айта кететіні ЖШС “Томиристің” есіктер Арыс қаласындағы мектептерді қалпына келтіру үшін, сондай-ақ Назарбаев атындағы университеттің жатақханасын салу үшін жасалып, жөнелтілген болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру