Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 500-ден астам жаяу жүргінші анықталды

Ақмола облысында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 500-ден астам жаяу жүргінші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол полицейлерінің мәліметінше, “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасының төрт күні ішінде Ақмола облысында патрульдік полиция инспекторлары үш мыңға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтаған. Олардың ішінде мас күйінде көлік жүргізген 41 жүргізуші, басып озу және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 227 жылдам жүруді әуес етушілер ұсталды.

Жол полициясы қабылдап жатқан алдын алу шараларына қарамастан, жаяу жүргіншілер өз өміріне қауіп төндіре отырып, қауіпсіз өту ережелерін бұзуды жалғастыруда.

– …Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер – жол жүрісінің тең екі қатысушысы және жол жүрісі ережелеріне бағынады. Акция қорытындысы жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін бұзуды тоқтатпаған. “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы барысында көлік жүретін бөлікті белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 531 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті ПД ЖПҚБ бөлімінің бастығы Қуаныш Әбенов.

Жол инспекторларының айтуынша, көлік ағынының ортасында кез-келген жастағы адамдарды көруге болады, бірақ олардың басым көпшілігі студенттер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру