Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола жол полицейлері жолда сәбиімен бірге ақауы бар автокөлікте қалған отбасыға көмек көрсетті

Ақмола жол полицейлері жолда сәбиімен бірге ақауы бар автокөлікте қалған отбасыға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықталғандай, ағымдағы жылдың 2 сәуірінде ПД патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары Жанат Бейбіт және Дастан Төлемісов “Көкшетау-Омбы” автожолының 48-шақырымында “Volkswagen Passat” маркалы автокөлігін байқаған, оның капоты ашық болды.

Полицейлер ойланбастан тоқтап, өз көмегін ұсынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, көліктің қозғалтқышы ақаулы екені және автокөлікте жүргізушінің жұбайы мен емшектегі баласы бар екені белгілі болды.
Ер адамның айтуынша, ол біраз уақыт бойы жол бойындағы машиналарды тоқтатуға тырысты, бірақ жүргізушілерден көмек келмеді.

Бақытымызға орай баламыз тонуға үлмерді, полиция қызметкерлері оларды дер кезінде жол-жөнекей кетіп бара жатқан автокөлікке отырғызды. Кейін ақаулы автокөлікті тіркеп, Көкшетау қаласына тікелей үйге дейін жеткізді.

Патрульдік полиция қызметкерлері өз іс-әрекеттерін мақтаныш деп санамайды, олар туралы жиі хабарламайды. Олардың басты міндеті — қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Мүмкін, бұл қарапайым адамның әрекеті туралы ешкім білмей калар еді, егер жүргізуші өзінің “Instagram” парақшасында бейнеалғысты жарияламаса.

Айта кету керек, көптеген жүргізушілер мен жолаушылар үшін полицейлер жолда болуы мүмкін қиын жағдайда көмекке жалғыз үміт болып табылады.

“Instagram” парақшасында кейіпкер болған патрульдік полиция қызметкерлері үшін бұл таңқаларлық жайт, олардың айтуынша: “…бұл адам факторы. Біз адамның көмекке мұқтаж екенін көрдік, сондықтан көмекке келдік. Біз күн сайын жол қауіпсіздігін қамьамасыз етуге жасаққа түсеміз және күн сайын осындай жағдайларға кезігеміз. Негізінен көлік құралдары бұзылады және біз бәріне қолымыздан келгенше көмектесуге тырысамыз…”

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру