Шымкентте автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған жүргізуші жауапқа тартылды
Шымкентте автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 31 тамызда әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында Б. Момышұлы көшесі және Әл-Фараби даңғылының қиылысында терезесі күңгірттелген Toyota маркалы автокөлікті байқап, тоқтатты.
Нәтижесінде жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Шымкенттік полицейлер терезелердің жарық өткізу нормаларынан асып түсетін көлік құралдарын пайдалану жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда.