Шымкентте автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған жүргізуші жауапқа тартылды
Шымкентте автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында терезесі күңгірттелген ВАЗ маркалы автокөлікті байқап, тоқтатты.
Нәтижесінде жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі (Күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
https://youtube.com/shorts/jqmhAUufjGw?feature=share
Шымкенттік полицейлер терезелердің жарық өткізу нормаларынан асып түсетін көлік құралдарын пайдалану жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда.