Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда көліктегі мүлікті ұрлап кеткен ауыл тұрғыны ұсталды

Теміртауда көліктегі мүлікті ұрлап кеткен ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қыркүйекте Қарағанды ​​облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 25 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу көліктен 32 мыңнан астам теңге мен ұялы телефонды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 115 мың теңгені құрады.

Анықталғандай, жәбірленуші түнгі уақытта көлікті көпқабатты үйдің ауласында қалдырған. Таңертең жұмысқа бармақшы болған ол, көліктің құлпын бұзып, барлық бағалы заттарды алып кеткенін көрген. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

8 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметінің қызметкерлері күдіктіні 28 жастағы ауылдық округ тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты зат – жәбірленушінің ұялы телефоны алынды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығын анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру