Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «Автомобиль» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Шымкент қаласы аумағында 12 қазаннан бастап «Автомобиль» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-профилактикалық іс-шараның алтыншы күнінде көлік жүргізушілермен жасалған 3 782 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзған – 17 (ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі), техникалық байқаудан өтпеген – 20 (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі), ұялы телефон пайдаланған – 6 (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы), бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту – 8 (ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы) тұлғаға хаттама толтырылды. Қозғалыста жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 2 (ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы), қауіпсіздік белдігін тақпау – 26 (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі), авариялық жағдай туындатқан – 2 (ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы), көлік құралын мас күйде басқарған – 2 (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы), тиісті құжатсыз басқарған – 12 (ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1 және 2-бөлігі), жол бетін ластаған – 26 (ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы 1-бөлігі) жүргізуші анықталған.

Сондай-ақ, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 88 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.Айта кету керек, іс-шара осы жылдың 10 қарашасына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру