Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы аумағында “Жолдағы қабылдау” республикалық акциясы өтті

Жамбыл облысы аумағында “Жолдағы қабылдау” республикалық акциясы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның бірінші күні азаматтарды қабылдауды Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жайдарбек Құттыбаев, сондай-ақ әкімшілік полиция және көші-қон қызметі бөлімдерінің, бөлімшелерінің және аға топтарының басшылары жүргізді.

Азаматтарды қабылдау полицияның он төрт фронт-офистерінде жүргізілді.

Республикалық акцияның бірінші күнінде 253 адам, олардың кейбіреулері бірден бірнеше мәселе бойынша жүгінді. Жамбыл облысының тұрғындарынан барлығы жеті жүзден астам өтініш, оның ішінде “жедел желіге” 8 (7262) 99-76-46 нөмірі арқылы телефон қоңыраулары түсті.

– Азаматтар көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру және алу, жол қозғалысын ұйымдастыру, айыппұл төлеу, көлік құралдарын қайта жабдықтау секілді түрлі мәселелер бойынша өтініш білдірді, – деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жайдарбек Құттыбаев.

Барлық азаматтарға жүгінген мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру