Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» ЖПІШ қорытындыланды

Шымкентте «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» ЖПІШ кезінде 1,4 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағында автокөлік жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау мақсатында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

10 күнге жалғасқан іс-шараның нәтижесінде, қала аумағында 1 410 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда: ҚР ӘҚБтК-нің 594-бабы (Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту) бойынша 240 азамат, ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабына (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) сәйкес 197 тұрғын жауапқа тартылды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша 122 жүргізушіге, ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабымен (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) 255 тұрғынға, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша 596 адамға әкімшілік хаттама толтырылды.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары жолдың жүріс бөлігінде ойнауға болмайтынын, көлік көп жерде жолды тек белгіленген жерден және бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде ғана өту керектігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру