Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде тергеу изоляторының кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен толықты

Ақтөбеде тергеу изоляторының кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы КА-168/1 тергеу изоляторына сотталғандар үшін 50-ден астам кітаптар мен журналдарды сыйға тартты. Әлемдік әдебиет классиктерінің басылымдары, заманауи жазушылардың шығармалары және басқа да әдебиеттерді кітапхана қорына қала тұрғындары ұсынған.

– Қазіргі таңда облыстық түзеу мекемелерінде әртүрлі жанрдағы 16 мыңнан астам әдебиеттері бар кітапханалар жұмыс жасауда.
Алдағы уақытта да түзеу мекемелері тұрақты түрде жаңа әдебиеттермен толықтырылып тұратын болады, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие тобының аға инспекторы Нұргүл Жұмағұлова.

Айта ету керек, түзеу мекемелеріндегі кітапхана қорын толықтыру – бұған дейін қол қойылған екіжақты ынтымақтастық меморандум аясында іске асты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру