Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Соққыдан басымыздағы каскамыз ұшты”: полицей қаңтар оқиғасы туралы

Алматы қаласы ПД Түрксіб аудандық ПБ патрульдік полиция полкінің инспекторы қаңтар оқиғасы кезіндегі бұзақылардың әрекетін сипаттап берді. Руфан Рагимовтың сөзінше, топ адам тәртіп сақшыларын соққының астына алған. Өздерінің көптігін пайдаланып, тас, арматура лақтырып, күш көрсеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Полицейлердің бір тобы Сейфуллин көшесімен ереуілдеушілерге оңтүстік жаққа бет алды. Ал екінші топ Тимирязев көшесімен шығысқа аттанды. Сол сәтте екі жақ бір-бірімен кездесіп қалды. Бүлікшілердің қолында тас, арматура, темірлер болды. Олар тас лақтырғанда басымыздағы каскаға дейін ұшты”, – деп еске алды ол.

Қатты соққыдан полиция қызметкерлерінің арасында талып қалғандар да болған.

“Шамамен 500-800-дей адам болды. Олар өте көп еді. Біз оларды дүрбелең болмасын деп, таратып жіберуге тырыстық. Адамдар бізге күш көрсетіп, шабуыл жасайды деп ойламадық. Ешкім сөзге тоқтамады”, – деді Руфан Рагимов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру