Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі полицейлері ақмолалық студенттермен дайындық кездесуін өткізді

Есірткі полицейлері ақмолалық студенттермен дайындық кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесудің мақсаты – есірткіге қарсы бағыттағы үздік бейнероликке конкурс өткізуді, жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ бағалау өлшемшарттарын талқылау болды.

Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Рәзия Курсанова балалар мен жасөспірімдердің және жастардың есірткіні пайдалана бастауының ықтимал себептерін, сондай-ақ халықтың осы санатын пайдалануға тартудың алдын алу және жолын кесу тәсілдерін талқылады, есірткінің әртүрлі баламаларын қарастырды.

Көкшетау қаласы ПБ ювеналды полицияның аға инспекторы Айжан Қожкенова есірткі құралдарына жатпаса да, жас ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізетін электронды темекінің жастар арасында танымал болу проблемаларына тоқталды.

Студенттер нашақорлық мәселесін қызығушылықпен талқылады. Сұрақтар қойып, полицейлерден көлемді жауап алды.

Байқау қорытындысы 3 наурызда шығады

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру