Шымкентте бейнебақылау камераларының көмегімен 5 қылмыс ашылды
Шымкентте бейнебақылау камераларының көмегімен 5 қылмыс ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
28 ақпан мен 6 наурыз аралығында Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының "102" арнасына түрлі сипаттағы 7 968 қоңырау түсті.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 5 қылмыс ашылды: ұрлық, екі бұзақылық және автокөлікті заңсыз иемдену және басқа да жайты.
Сонымен қатар, 3 229 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (Ортақ пайдалану орындарын ластау) - 396 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) - 68 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабына сәйкес (Қоғамдық орындарда тиісу) - 43 факті тіркеліп, тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, 2 496 жол ережесін бұзу жайты және 226 өзге де құқық бұзушылық анықталды.