Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте белгіленбеген орындарда жасанды шырша сатқан 5 адам анықталды

Шымкентте белгіленбеген орындарда жасанды шырша сатқан 5 адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл қарсаңында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен 2021 жылдың соңына дейін Шымкент қаласы аумағында балауса қылқан (шырша) ағаш түрлерін заңсыз айналымын, тасымалдау, кесу деректерін анықтау және жолын кесу мақсатында “Шырша” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері “Қазына”, “Қырғы”, “Жабық” және “Алаш” базарларының сауда нүктелерін тексерді. Сатушылармен қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сату және сату бойынша түсіндірме әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ заңсыз сату және ағаштарды кесу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы еске салды.

Белгіленбеген орындарда жасанды шыршаларды сатудың 5 дерегі анықталды. Олар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру