Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар колониясында ұлттық өнімдер шығарыла бастады

Павлодар колониясында ұлттық өнімдер шығарыла бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

АП-162/4 мекемесінде ұлттық бұйымдар шығарыла бастады. Сотталғандар атқа мінуге арналған ер-тоқымдар мен әбзелдерді, сондай-ақ ұлттық нақыштағы тұрмыстық бұйымдарды жасауда.

– Колонияда жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында мұндай бұйымдарды жасауды үйренгендер де болды. Өнімдер сұранысқа ие, біз мекеменің өндірістік аймағына өндіріске қажеттінің барлығын жеткіземіз. Мысалы, ер-тоқым жасауға бір аптадай уақыт кетеді. Сондай-ақ біз сотталғандарға өлшемдерді, тапсырыс берушілердің эскиздерін береміз. Барлық өнімдер тапсырыспен жасалады. Сапасы жағынан қала базарларында сатылатындардан еш айырмашылығы жоқ, – деп түсіндірді “Еңбек Павлодар” РМК басшысының орынбасары Асылбек Сапарбекұлы.

Ұлттық бұйымдар шығаратын цехта 5 сотталған жұмысқа орналастырылды. Олардың барлығы жұмысы үшін жалақы алады. Сондай-ақ үй интерьеріне арналған ағаш бұйымдарын шығарады.

Колония басшылығының айтуынша, өндірісте жұмыс істейтін сотталғандар түскен қаражатты бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға жұмсап, талап-арыздарын өтейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру