Шымкентте бір аптада полицияға 6 мыңнан астам қоңырау түсті
Шымкентте бір аптада полицияға 6 мыңнан астам қоңырау түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20-26 желтоқсан аралығында Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына түрлі сипаттағы 6 715 қоңырау түсті.
Бір аптаның ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен жеті қылмыс (ұрлық, тонау, бұзақылық және т.б.) ашылды.
Сондай-ақ, 2 999 әкімшілік құқық бұзушылық жайттары анықталды. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Ортақ пайдаланатын орындарды ластау) – 668 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 106 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда тиісу) – 48 жайт анықталды, барлық тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, 1 589 жол қозғалысының ережелерін бұзу және 588 өзге де құқық бұзушылық анықталды.