Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының жаңа ауданында жыл басынан пробация есебіндегі 97 сотталған жұмысқа орналасты

Сауран ауданында жыл басынан пробация есебіндегі 97 сотталған жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Кентау қалалық пробация бөлімінің бастығы Атабек Исаев жаңа құрылған Сауран ауданында атқарылған істер жайында баяндама жасады.

Атабек Исаевтың айтуынша, 2021 жылдың басынан бері сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мақсатында жалпы 195 жеке бағдарлама түзілген.

– Үстіміздегі жылдың басынан бері пробация қызметінің арқасында есепте тұрған жұмыссыз 97 сотталған жұмысқа орналасып үлгерді. Тағы бір айта кететін жайт, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мақсатында әлеуметтік-құықтық көмек көрсетілген сотталғандардың саны да күн санап артып келеді. Жеті сотталғанға медициналық көмек алуына мүмкіндік жасалды. 41 адам психологиялық көмек алды. Ал екі адамның құжаттары қалпына келтірілді. Өзге де әлеуметтік көмек алғандар саны 88 құрайды. Әлеуметтік төлемді алты сотталған алды. Заң тұрғысынан 19 сотталған көмек алды. Сонымен қатар, алты сотталғанның отбасына қайрымдылық шарасы барысында азық-түлік таратылды. Атап айтар болсақ, сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу, оларды жұмыспен қамту мәселесі – барлық пробация қызметкерлерінің басты тапсырмсының бірі. Сондай-ақ, алдағы уақытта жаңа ауданда пробациялық бақылауға алынғандармен жүелі түрде жұмыстар жүргізілетін болады. Бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғандардың қайта қылмысқа жасауының алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар жүргізілетін болады. Жаңа жылда, жаңа ауданда сотталғандар мен қылмыстың саны азаяды деген сенімдемін, – дейді Кентау қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы Атабек Исаев.

Пробация қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында есепте тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау дерегі азайып, оң нәтиже көрсетір отыр.

Сауран ауданы бойынша консультативтік-кеңесші органның төрағасының жетекшілігімен өткен отырыстың соңында аудан әкімдерімен жергілікті атқарушылық органдарға есепте тұратын сотталған тұлғалардың ішіндегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру