Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында төрт көлік соқтығысты

Түркістан облысында төрт көлік соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 желтоқсанда Сауран АПБ-нің кезекші бөліміне Ескі Иқан ауылына қарасты Шымкент-Самара тас жолының 135-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алғаны жайлы хабар келіп түсті. ЖКО болған жерге бірден тәртіп сақшылары шықты.

Полицейлердің анықтауы бойынша, сағат 22:15 шамасында Mercedes Benz жүк көлігі, Daewoo Nexia автокөлігі, оның соңынан ВАЗ-2105 ресей автокөлігі, сонымен қатар Toyota Сamry көліктері ауа райының қолайсыздығына байланысты бір-біріне соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Материалдық шығын келтірілген.

Аталған жайтқа қатысты жол апатын жасаған Mercedes Benz жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-тармағымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша хаттама түзіліп, Түркістан қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жинақталған құжаттар жолдануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру