Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте демалыс күндері екі мас жүргізуші ұсталды

Шымкентте демалыс күндері екі мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы аумағында жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында демалыс күндері рейдтік шаралар жүргізілді.

Іс-шара барысында ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін екі жүргізуші жауапқа тартылды. Нәтижесінде, жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Азаматтар әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынады.

– Мас күйінде көлікке отырған жүргізушілерді анықтау мақсатында күнделікті жұмыстар атқарылуда. Алайда полицейлердің ескертулеріне қарамастан, спирттік ішімдік ішіп алып көлік тізгініне отырған жүргізуші өз өміріне ғана емес, басқалардың да өміріне қауіп төндіретіні белгілі. Әсіресе демалыс күндері, яғни сенбі және жексенбіде мас халде көлік жүргізетін тұрғындар жиі кездеседі. Сондықтан қала аумағында осындай жайттарды алдын алу және болдырмау үшін рейдтік шараларды ұдайы жүргізіп отырамыз. Жүргізушілерге өз өмірін қатерге тікпеуге кеңес береміз, – дейді ЖПҚБ бастығының орынбасары Дінмұхамед Тағайбеков.

Айта өтетін ақпарат, жыл басынан бері мас халде көлік құралын басқарған 243 жүргізуші анықталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру