Шымкентте бөтеннің атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
Шымкентте бөтеннің атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қазанда Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданды Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға мобильді қосымшасын пайдалана отырып, оның рұқсатынсыз 1 900 000 теңге онлайн несие рәсімдегенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.