Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте дүкеннен заттар ұрлаған әйел бейнекамераға түсіп қалды

Шымкентте дүкеннен заттар ұрлаған әйел бейнекамераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында өзінің дүкеніне кешкі сағат 21:30 шамасында белгісіз тұлғаның ұрлыққа түскенін жазған. Оның айтуынша, дүкен ішіндегі сөрелерден жалпы құны 19 мың теңгенін заттарын, яғни шаш кептіргіш, бұйралағыш құрылғысын ұрлап кеткен.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Дүкендегі бейнебақылау жүйелері жіті қаралды. Осылайша, тәртіп сақшылары шаш кептіргіш және бұйралағыш құрылғысын қолды еткен әйелді тұрғылықты мекенжайынан ұстап, басқармаға жеткізді. Ол 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында дүкеннен аталған заттарды үптегенін толық мойындады. Ұрланған шашқа арналған құрылғылар айғақты зат ретінде алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру