Шымкентте ер адам көпірден секірмек болды
Шымкентте ер адам көпірден секірмек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 23 тамызында Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің инспекторлары Е. Ерубаев және Е. Жанысбаев қызмет атқару барысында ер адамның көпір жақтауына шығып, секіруге оқталғанын байқады.
Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, көпір жақтауында тұрған жігітті қауіпсіз жерге шығарып үлгереді. Осылайша, тәртіп сақшылары кәсібилігінің арқасында азаматтың өмірін сақтап қалды.
Өмірімен қош айтыспақ болған азаматқа профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.