Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі ақтөбеліктен тыйым салынған аудиожазбалар анықталды

Екі ақтөбеліктен тыйым салынған аудиожазбалар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері “ВКонтакте” әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында қаланың 28 жастағы тұрғындарында деструктивті сипаттағы аудиожазбаны сақтау фактілерін анықтады.

Дінтану сараптамасының нәтижелері бойынша аудиожазбалар Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған болып табылатыны анықталды.

Соттардың шешімімен жоғарыда аталған азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі тәркіленіп, әрқайсысы 58 340 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін дайындауға, сақтауға, әкелуге, тасымалдауға, таратуға тыйым салынатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру