Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ер адам жалдамалы пәтерді тонап кетті

Шымкентте ер адам жалдамалы пәтерді тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында үйін екі айға жалға алған ер адам құны 30 мың теңге тұратын «LG» маркалы тоңазытқышын, құны 40 мың теңге тұратын «LG» маркалы кір жуғыш машинасын, құны 30 мың теңге тұратын газ плитасын еркін қол жеткізу арқылы ұрлап кеткенін көрсеткен. Сонымен қатар рұқсатсыз үйін басқа адамға жалға берген.

Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ұрлық жасаған ер адамды анықтап, тиісті басқармаға жеткізді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру