Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының криминалистік қызметі қалай жаңартылды

Алматы ПД қаладағы криминалистік қызметі қалай жаңартылғаны туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының криминалистикалық қызметі үздіксіз дамып келеді, соңғы технологиямен жабдықталған, бөлімше қызметкерлері қылмыстарды тергеуге қатысады.

– ПД ЖКБ қызметкерлері уақыт ағымына ілесіп, жұмысын үнемі жетілдіріп отырады. Қазіргі заманғы технологиялардың мүмкіндіктерін криминалистикалық есепте үйлесімді пайдалану жұмыста жоғары көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді. Аға ұрпақ криминалистерінің дәстүрлерін күшейте отырып, жедел-криминалистикалық бөлім қызметкерлері біздің елде қылмыспен күресуге және заңдылықты нығайтуға елеулі үлес қосады. Олардың күнделікті жасап жатқан жұмыстарынсыз барлық құқық қорғау органдарының табысты жұмысын елестету мүмкін емес, – деді Алматы қалалық ПД Жедел-криминалистік басқармасының бастығы Ернар Құлмұханбетов.

Сонымен қатар Алматы Полиция департаменті ішкі істер органдарының жетекші қызметтері туралы, олардың тарихы мен даму кезеңдерін қамтитын деректі фильмдер шығаруды қамтитын “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл” арнайы жобасы басталғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру