Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық жедел уәкілдер жеңгетайлық кәсіптің жолын кесті

Қызылордалық жедел уәкілдер жеңгетайлық кәсіптің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 19-24 күндері аралығында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері “Стоп-трафик” жедел алдын алу шарасы аясында жұмыс істеуде. Операцияның басты мақсаты адам саудасына байланысты қылмыстарды ашуға және ескертуге бағытталған.

“Стоп трафик” шарасы барысында басқарманың жедел уәкілдері жеңгетайлық кәсіптің жолын кесті. Олар қала орталығында орналасқан 3 демалыс орындарының бірінде іс-шара өткізді. Полицияға аталған қоғамдық орынның клиенттеріне жезөкшелік қызмет ұсынылады деген хабар түскен. Тексеру шарасы барысында ақпарат расталған.

Аталған жайтты полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның толық мән-жайларын анықтауда.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда. Ал жезөкшелікпен айналысқан бикештер тіркеуге алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру