Шымкентте ірі мөлшерде есірткі затын алып жүрген жігіт ұсталды
Шымкентте ірі мөлшерде есірткі затын алып жүрген жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Рефлекс-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткіні ірі көлемде заңсыз алып жүрген азаматты құрықтады.
Полицейлерге түскен жедел ақпаратқа сәйкес, 22 жастағы қала тұрғыны Әл-Фараби ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің артынан тоқтатылған. Тексеру барысында ер азаматтан жалпы саны 29 дана изолентаға оралған синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақталған заттар анықталып, тәркіленді.
Қазіргі таңда көрсетілген жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.