Шымкентте карантин кезінде үйінде туған күн өткізген тұрғын анықталды
Шымкентте карантин кезінде үйінде туған күн өткізген тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 1 қыркүйекте Еңбекші ауданының полицейлері Пахтакор елді мекені Бал-бұлақ көшесінің тұрғыны карантиндік талаптарды бұзып, сағат 23:38-де өзінің үйінің ауласында адамдарды жинап, туған күн өткізіп жатқандығын анықтады.
Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.