Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы қару-жарақ арсеналын тәркілеу бойынша арнайы іс-шара жүргізді

Алматы полициясы қару-жарақ арсеналын тәркілеу бойынша арнайы іс-шара жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктіні ұстауды Криминалдық полиция қызметкерлері Алматы қаласындағы ҰҚКД әріптестерінің көмегімен жүргізді.

– Күдікті – 1975 жылы туған Д.есімді азаматтың көлігі Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында ұсталды. Тергеу сотының рұқсатымен көлік құралын және жеке айыпталушыны тінту кезінде патрондары бар екі тапанша табылды және тәркіленді. Алматы облысы Талғар ауданындағы Д.есімді азаматтың тұрғылықты жеріндегі құпия орнынан тағы алты қару, оның ішінде 12 калибрлі Винчестер, граната және 60 патрон табылды. Қару тиесілігін, шығуын, сондай-ақ, қандай да бір қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін тәркіленді және сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Баяндамашының айтуынша, күдіктінің үйінен ұнтақ зат салынған төрт бума табылды. Сонымен қатар, медициналық сараптама күдіктінің ұсталған кезде есірткіге мас болғанын анықтады.

– Д.есімді азамат ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес жүргізілуде, – деп қорытындылады Науатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру