Шымкентте карантин режимін сақтамаған кезекті лаунж-бар анықталды
Шымкентте карантин режимін сақтамаған кезекті лаунж-бар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әл-фараби ауданының полицейлері Х. Дулати 211 а үйде орналасқан «Palladium» лаунж-бардың карантиндік талаптарды бұзып, 25 шілде түнгі сағат 02:43-те келушілерді қабылдап, қызмет көрсеткенін анықтады. Аталған мекеме «Ашық» бағдарламасына тіркелмей, жұмыс жасап жатқаны және тұтынушылардың қор-қор тұтынып отырғаны белгілі болды.
Сонымен қатар қызметкерлер келген қонақтардың дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.
Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.