Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Түркістан облысында екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-ның полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларды жүргізуде. Полицейлердің осы бағытта қызметтік міндетін атқару барысында ішімдік ішіп, көлік басқарған жүргізуші ұсталып, қандай да бір орын алуы мүмкін апатты жағдайға тосқауыл қойылды.
Нақтырақ айтсақ, полицейлер Төлеби ауданына қарасты көліктер көп жүретін жолдарда үш күндік “Қауіпсіз жол” іс-шарасын өткізді. Осы кезде полицейлер Екпінді ауылына қарасты жол бойында Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатады. Тексеру кезінде көліктің иесі 2019 жылдың қаңтар айында Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасап, көлік басқару құқығынан үш жылға айырылғаны анықталды. Сондай-ақ полицейлер жүргізушімен тілдесу кезінде, оның тағы да мас халде болуы мүмкін екеніне күмәнданды. Тәртіп сақшысы осы жайтты нақтылау үшін медициналық сараптамаға жүгінеді. Куәландыру қорытындысына сәйкес кінәлі жүргізушінің “жеңіл дәрежелі” масаң күйде екені анықталды. 
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Бүгінгі таңда күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер, үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын есте шығармағаны жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру