Шымкентте карантин талаптарын бұзған букмекерлік кеңсе анықталды
Шымкентте карантин талаптарын бұзған букмекерлік кеңсе анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкентте букмекерлік кеңсе карантин талаптарын елеместен жұмысын жалғастырып келген. Кезекті рейд кезінде клубта бірнеше адам ойын ойнап жатқан. Олардың ешқайсысы бетперде тақпаған.
Кәсіпкерлік нысанның кеңсе қызметкері санитарлық нормативтерді бұзу дерегі бойынша түсініктеме жазудан бас тартуына байланысты акт түзілген.