Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері люк ұрлаған екі күдіктіні анықтады

Ақмола полицейлері люк ұрлаған екі күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылы Щучинск қаласында коллекторлық құдықтардан шойын люктерінің ұрлануы тіркелді. Құдықтарда люктердің болмауы жазатайым оқиғаларға, соның ішінде ЖКО-ға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескере отырып, осы қылмыстарды ашу мақсатында Бурабай ауданының ПБ жедел-тергеу тобы құрылды.

Кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бөлімнің криминалдық полиция қызметкерлері аталған ұрлықты жасағаны үшін Щучинск қаласының 28 және 23 жастағы екі тұрғынын әшкерелеп, ұстады. Олар жеті жасалған люк ұрлығын мойындады.

Аталған факті бойынша күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 187-бабы (Ұсақ ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру