Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құжатсыз көлік құралын басқарған шымкенттік жауапқа тартылды

Құжатсыз көлік құралын басқарған шымкенттік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 13 мамырда Патрульдік полиция полкінің қызметкері К. Тынгазиев өзінің бекітілген аумағында қызмет атқару барысында қаладағы Жангелдин көшесінде “МТ-03” маркалы мотоциклі жол жүру ережесін бұзғанын анықтады.

Полиция қызметкерлері аталған көлікті тоқтатты. Жүргізушіге бұл әрекеттің заңсыз екендігін түсіндірді. Нәтижесінде жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру