Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада қайын ағасына пышақ жарақатын салған әйел ұсталды

Ақмолада қайын ағасына пышақ жарақатын салған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 13 мамырда сағат 17:12-де Аршалы ауданының ПБ кезекші бөліміне фельдшерден Жібек Жолы ауылында пышақ жарақаты келтірілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. 46 жастағы ер адам Нұр-Сұлтан қаласының ауруханасына “тоқ ішектің пышақ жарақаты” диагнозымен жеткізілді.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары зардап шеккен адамның мүгедек екенін, “ақыл-ой кемістігі” диагнозымен есепте тұрғанын анықтады. Мән-жайларды анықтау барысында зардап шеккен адамға ағасының 24 жастағы әйелі дене жарақатын салғаны анықталды. Әйел өз кінәсін мойындады, бәрі жанжал кезінде болғанын айтты.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру